Қазақстанда отын-энергетика нарығын ЖИ арқылы қадағалау қолға алынады
Қазақстан энергетика министрлігі Отын-энергетика кешенінің ахуалдық талдау орталығын іске қосты. Орталық алдағы уақытта жасанды интеллект арқылы жұмыс істемек.
Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Ілияс жасанды зерде технологиясын қалай қолданататынын түсіндірді. ЖИ бойынша акселерациялық топ құрылған.
Бұған дейін Energy Tech платформасы арқылы бірқатар ақпараттық жүйе іске қосылған. Цифрлық технология арқылы жылыту маусымын жабдықтарды қадағалау, мұнай жеткізу, сұйылтылған мұнай-газды тасымалдау, талдау кешенін пайдалану мүмкін болды.
Отын-энергетика кешенінің ахуалдық талдау орталығы сала бойынша бақылау мен есеп беру мәселесін шешпек. Орталық «ҚР ОЭКАТО» АҚ базасында жұмыс істейді.
EnergyTech энергия ресурстарын, қуат көздерін қадағалауға көмектеседі. Жаңа жобаларды енгізуге Цифрлық даму министрлігі атсалысып жатыр.
Ведвство цифрлық шешімді нарыққа енгізуге тырысып жатыр. Министрлік қуат желісін цифрландыру арқылы энергияны тұтыну бағасын түсіруге болатынын мәлімдеген.