Бакуден Грозныйға ұшқан әуе көлігінің құлауына байланысты Шешенстанда қаралы күн жарияланды

Жарияланды
Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Шешенстанда қаралы күн жарияланды/ фото: pexels

28 желтоқсан күні Шешенстан халқы Қазақстан аумағында құлаған әуе көлігін еске алып, аза тұтпақ. Тиісті жарлыққа Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қол қойған. Қаралы күн деп белгіленген сенбіде ту түсіріліп, телеарналарды ойын-сауық бағдарламалары тоқтайды.

Бұл жөнінде жергілікті ақпарат құралдары жазды. Бакуден ұшқан борт Грозныйға қона алмаған. Сәрсенбі күні ұшақ Ақтау қаласы маңында құлады. Росавиация 25 желтоқсан күні Грозный әуе кеңістігі жабық болғанын мойындады. Сол күні украиналық дрондар шабуылдағасын, РФ «Ковер» режимін іске қосқан.

Оқиға болған күні Қадыров Әзербайжан халқына көңіл айтты. Одан кейін қаржылай көмек беруге дайын екенін мәлімдеді. Бірақ Әзербайжан билігі одан бас тартты.

Баку Ресейді айыптап отырғанын бірнеше халықаралық агенттік жазды. Әзербайжан депутаты Расим Мұсабеков Мәскеуден шындықты мойындап, кешірім сұрауды талап еткен. Кремль тергеу қорытындысын күту керек екенін мәлімдеген.

Шешенстан басшысы 25 желтоқсандағы шабуыл кезінде Грозныйды қорғағаны үшін өзінің немере інісін марапаттаған.

Сондай-ақ оқыңыз