Қаржы нарығын реттеу агенттігі Solva микроқаржы ұйымын банк ретінде тіркеуден бас тартты
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы Solva микроқаржды ұйымын банк ретінде тіркеуден бас тартты. Яғни осы брендпен танымал болған «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ның өтінімі мақұлданған жоқ.
Агенттік басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 86 қаулысына сай банк нысанына айналдыруға рұқсат берілмеді. «ОнлайнКазФинанс» иелері – Александр Дунаев пен Борис Батин. Екеуіне банктің ірі (жанама) қатысушылары мәртебесін иеленуге келісім берілген жоқ.
«Solva Capital» ЖШС «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартылды», – деп хабарлады ҚНРДА.
«OnlineKazFinance» микроқаржы ұйымы былтыр кірісін 17 есе қысқартқан. Оның активтері 15,3 млрд теңгені құраған.