Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы Solva микроқаржы ұйымын банк ретінде тіркеуден бас тартты. Яғни осы брендпен танымал болған «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ның өтінімі мақұлданған жоқ.
Агенттік басқармасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 86 қаулысына сай банк нысанына айналдыруға рұқсат берілмеді. «ОнлайнКазФинанс» иелері – Александр Дунаев пен Борис Батин. Екеуіне банктің ірі (жанама) қатысушылары мәртебесін иеленуге келісім берілген жоқ.
«Solva Capital» ЖШС «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартылды», – деп хабарлады ҚНРДА.
«OnlineKazFinance» микроқаржы ұйымы былтыр кірісін 17 есе қысқартқан. Оның активтері 15,3 млрд теңгені құраған.