Путин ұшақ апаты үшін Әлиевтен кешірім сұрады

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: kursiv.media архивінен

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке телефон соғып, Грозный үстінде зымыран жарықшақтары тиіп, Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ үшін кешірім сұраған.

Екі елдің президенттері «Әзербайжан әуе жолдары» әуекомпаниясының апатқа ұшыраған жалаушылар ұшағына қатысты мәселені талқылаған.

Владимир Путин Ресей әуе кеңістігінде болған қайғылы оқиға үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқан. Жарақат алғандарға саулық тілеген. Әңгіме барысында кесте бойынша ұшқан ұшақ Грозный қаласының әуежайына қонуға бірнеше мәрте ұмтылғаны айтылған. Бұл сәтте Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық дрондар шабуыл жасаған. Ресейдің әуе қорғанысы шабуылға тойтарыс беруге талпынған.

Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Алғашқы тергеу амалдары жасалып, азаматтық және әскери мамандар тергеліп жатыр.

Қазіргі кезде Әзербайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйға келіп, Ресейдің прокуратурасы мен Тергеу комитеті өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның, Әзербайжанның және Ресейдің салалық қызметтері Ақтау маңындағы апат орнында өзара іс-қимыл жасап жатыр.

Айта кететін жайт, 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Сондай-ақ оқыңыз