Qalam-ның апта таңдауы: Аниме қарауды неден бастау керек? 

Жарияланды 28 Желтоқсан 2024 09:57

Цин Шихуанди, мақта өндірушілер, Рим жолдары – Qalam-ның апта таңдауы
Qalam-ның апта таңдауы: Аниме қарауды неден бастау керек? / Фото: shutterstock

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптадағы топтамамызда Ирина Варьяштың «Ортағасырлық Бағдаттағы Жаңа жыл» атты танымдық мақаласы бар. Онда автор Бағдат халқының Жаңа жылды неліктен бірнеше мәрте тойлағанына кеңірек тоқталған. Ал жапон анимациясы жайлы толық мағлұмат беретін «Аниме қарауды қалай бастау керек» материалы кинематографтың жаңа бағытына қызығушылық тудыруы мүмкін. Әлия Болатхан мен Инесса Цой-Шлапак бірігіп жазған «Қаулы шыққандар (указник) деген кім?» атты жазба тарихқа көз жүгіртетін, сәтті шыққан туынды. Фотоархив айдарынан Алматының 60-жылдардағы базарының қандай болғанын көреміз. «Татарлардың» қымыз бен құрт дайындауы» мақаласынан 13-ғасырдағы еуропалық монахтың көшпенділер өмірінен алған әсерімен таныс боласыздар.

Ортағасырлық Бағдаттағы Жаңа жыл

Бағдаттағы әл-Кадимия мешіті. Дүниежүзілік тур, 4 том. 1 шілде, 1861 жыл/Wikimedia Commons
Бағдаттағы әл-Кадимия мешіті. Дүниежүзілік тур, 4 том. 1 шілде, 1861 жыл/Wikimedia Commons

Әр елдің салты басқа. Сондықтан әр аймақтың Жаңа жылы түрлі уақытта келеді әрі тойлау әдебі де бір-бірінен қатты айрықшаланады. Дегенмен заманауи әлемде Жаңа жыл мерекесі, негізінен Григориан күнтізбесі бойынша, жылдың алғашқы күнімен сәйкес келеді. Алайда Жер бетіндегі миллиардтаған адам Жаңа жылды ай немесе ай-күндік күнтізбеге сәйкес, мүлдем бөлек уақытта тойлайтынын да атап өткен жөн. 

Орта ғасырлық әлемдегі полиэтникалық және көп конфессионалдық алып шаһар Бағдатта Жаңа жыл қалай тойланғаны жөнінде толық білгіңіз келсе, сілтемеге өтіңіз.

Аниме қарауды қалай бастау керек

Кикидің жеткізу қызметі/IMDb
Кикидің жеткізу қызметі/IMDb

Әлемдегі ешбір анимация жапон анимациясы секілді сан алуан тақырыпты қамту қасиетімен таңғалдыра алмас еді. Соғыс, саясат, дін, экономика, спорт, махаббат, жыныстық қатынас, аспаздық, өнер, қорқыныш, білім, ғылыми фантастика, суперқаһармандар, құмар ойындар, әзіл-қалжың сынды мәселелердің әрқайсысының аниме әлемінде өз орны бар. Бұл тұрғыда көрерменнің қай жаста екені маңызды емес. Аниме — адамды балалық шақтан бастап, шашқа ақ түскенше серік етер ғажайып өнер түрі.

Осы өнердің пайда болуы, дамуы, өркендеуі және жыныс, жас санатына қарай бөлінетін анимелер туралы толық ақпаратты мына мақаладан біле аласыз. 

Қаулы шыққандар (указник) деген кім?

Талдықорғандағы Сталин атындағы колхоз/Alamy
Талдықорғандағы Сталин атындағы колхоз/Alamy

Сталиндік репрессия құрбандары туралы сөз қозғағанда, көбіне ұжымдастыру, «Алапат террор» және халықты депортациялау оқиғалары еске түседі. Алайда сталинизм кезеңінде саяси қуғын-сүргінге түрлі топ ұшыраған. Бір ғана арнайы қоныстандыру жүйесінің өзінде отыздан астам санат болған екен. 1948 жылдың 2 маусымында шығарылған қаулы негізінде арнайы қоныстандыру науқанының құрбаны болғандардың қатарында колхозшылар — «указниктер» (қаулы шыққандар) деп аталған топ та бар еді. Толығырақ мына сілтемеде.

Алматының 60-жылдардағы базарлары

Томас Тейлор Хаммонд (1920–1993). Алматы, 1964/Wikimedia Commons
Томас Тейлор Хаммонд (1920–1993). Алматы, 1964/Wikimedia Commons

Бұл жолы 1964 жылы түсірілген Алматы базарларының фотосуреттерін ұсынып отырмыз. Фотосуреттерді Виргин университетінің танымал профессоры, атақты фотограф және саяхатшы Томас Тейлор Хаммонд түсірген екен. Ол Кеңес тарихын жақсы білген, жекелей алғанда, Одақ құрамындағы мұсылман халықтарын зерттеген. 1950–60 жылдары саяхатшы бүкіл дерлік КСРО-ны аралған, соның ішінде Қазақстанда да болған. Материалдағы көне суреттер 60-жылдардағы Алматы базарларынан, сол замандағы адамдардың тұрмыс-өмірінен сыр шертеді.

«Татарлардың» қымыз бен құрт дайындауы

Бие сауу. Моңғолия/Alamy
Бие сауу. Моңғолия/Alamy

Qalam арнайы мақалалар топтамасын жариялауды бастады. Мұнда саяхатшылардың Орталық Азияның түрлі дәуірін қамтитын және көпқырлы келбетін айшықтайтын әңгімелері мен естеліктерінен үзінділер берілмек.

Топтаманың бұл жолғы санында фламандық франциск-монах Гильом де Рубруктың Моңғол империясы халқының аспаздық өнері туралы жазған шағын жазбасы жарық көрді. 

Ортағасырлық әдебиетте жалпы құрт пен қымыз туралы қандай да бір деректің сирек жолығатынын ескерсек, Рубруктың бұл тағамдарды дайындау әдістері туралы жазбасы бүгінгі күн үшін құнды дерек болары даусыз. Монахтың жазғандары мына мақалада.

Сондай-ақ оқыңыз