ERG, «Алтыналмас», Kazakhmys: Қазақстандағы ірі жеке бизнес неге отандық банктерден кредит алмайды?

Жарияланды (жаңартылды )
"Қаржы" бөлімінің редакторы
Ресейдің басты банктері доллармен жұмыс істеуді тоқтатқан соң, қазақстандық жеке компаниялар балама шешімдерді қарастыруға мәжбүр/фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстандағы ірі жеке бизнес кредит алуға жергілікті банктерге жүгіне бермейді. Басқа қаржы көздері жетіп артылады. Үстірт талдаудың өзі басты шикізат өндіретін компаниялардың отандық ЕДБ ұсынатын қаржыландырудан жақсырағын таңдайтынын көрсетіп беріп отыр.

Мәселен, Еуразиялық топтың (ERG) мекемелері Украинада соғыс басталғалы бері санкция құрсауында қалған Сбер және ВТБ секілді ірі ресейлік мемлекеттік банктермен жұмыс істегенді ұнатады. ERG ақпаратынша, бұл топ «Ресейдің Сбербанкі мен ВТБ банкпен кредиттік келісімдерді қайта құрылымдауды табысты аяқтап, қолданыстағы заңдар мен ережелерге сәйкес төлем міндеттемелерін орындауды жоспарлар отыр».

Айталық, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі алдымен 2022 жылы Сбермен негізгі қарызды төлеуді екі жылға шегеру туралы келісім жасады. Сосын 2023 жылы негізгі қарызды өтеуді 2024–2027 жылдардан 2028–2030 жылдар аралығына шегерді. Қайта құрылымдаудан 1,9 млрд теңге пайда табатынын көрсетті.

Ресейдің басты банктері доллармен жұмыс істеуді тоқтатқан соң, қазақстандық жеке компаниялар балама шешімдерді қарастыруға мәжбүр. «Казхром» компаниясының есебінде 2024 жылдың ақпан айында кейбір транштердің валютасы өзгергені айтылды. ВТБ банкімен кредиттік желі шеңберінде 669 млн АҚШ доллары (306 млрд теңге) қытай юанімен төленетін болды.

ВТБ «Алтыналмас» үшін де басты кредитор болып отыр. Бұл компанияның бенефициарлық қожайындары сингапурлық Trustee Pte деген қалқамен жасырылған. Жеке тұлға-миноритарийі – Kazakhmys Holding-тің топ менеджері Владимир Джуманбаев. Оның 22,5% үлесі бар. «Алтыналмастың» штаб-пәтері Владимир Кимге тиесілі Bank RBK бас офисі орналасқан жерде.

«Алтыналмас» ақпан және наурыз айларында  ВТБ-ға 90 млрд теңге көлеміндегі қарызын өтеді. Владимир Кимге тиесілі компанияның да ресейлік банктерден алған қарызы болуы ықтимал. Мысалы, KAZ Minerals Aktogay және KAZ Minerals Bozshakol-дің 2024 жылдың басында 105 млрд және 185 млрд теңге қарызы болды. KAZ Minerals Limited – «Қазақмыстың» иелерінің адамды адастыратын құрылымдарындағы аралық компания. 2022 жылы ол Ресейге салынған санкциялардың кесірінен ВТБ алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз