Алдымызда Жаңа жыл мейрамы мен қысқы демалыстар келе жатыр. Осыған орай, KursivMedia Алматыдағы қысқы демалыс орындарына видеошолу жасады. Шымбұлақтан, Ойқарағай және Ақбұлақ секілді тау курорттарына барып, қысқы ойын-сауық түрлері мен ондағы бағаларды салыстырды.
Аталған демалыс орындарына қалай жетуге болады? Шаңғы тебетін трассалары қандай? Қай жерде арзанырақ сырғанауға болады? Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі? Балаларды ол жақта не қызықтырады? Бұл шығарылымда осы сұрақтарға толымды жауап табуға болады.
Сонымен қатар үш тау курортында шаңғыны жалға алу, абонемент, қонақүй және тамақ бағалары салыстырып көрсетеді. Әділетті болу үшін демалыс орындарын бірдей критерийлер бойынша бағаланып отыр.