Алдағы апта 2024 жыл аяқталып, баршамыз бірге жаңа 2025 жылға қадам басамыз. Бұл түрлі оқиғаға, жүрек жылытар естелікке, алуан түрлі ғаламат шоу мен мәдени іс-шара толы жыл болды.
2025 жылдан үміт көп. Себебі афишаны қарап, жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ қалаға шығып, қыдыруға себеп көп екенін ұқтық. Сондықтан осы жолы сіздер 2024 жылдың соңғы күндерін ұмытылмастай өткізіп, 2025 жылдың алғашқы күндерін керемет қып қарсы алсын деп арнайы тізім әзірледік.
Сонымен, алдағы апта қайда барамыз? Баратын жер баршылық, дәстүрлі қарбаласқа қарамастан, ұйымдастырушы мамандар керемет жұмыс істеп жатыр. Бұл жолғы тізімде концерт те бар, ішкі туризмге қызығатындар үшін ойын-сауықтық тур бағдарламалары да бар, театрсүйер қауымға керегі де бар.
«Театр Әлемі» мерекелік бағдарламасы
Астана қаласы 30 желтоқсан
Қазақ халқының әнге деген құштарлығы, әнге етене жақындығы ерекше. Себебі қазақ әнмен егіз жаратылған! Ел арасында «Әу демейтін қазақ жоқ» деген аталы сөз де бар. Жыл аяқталған шақта, бір жыл бойғы шаршауыңызды басып, бір демалып қалсын деп Асхат Маемиров бастаған талантты ұжым Астанадағы көрерменге арнап керемет қойылым әзірледі. Ұжымды сіз танитыныңызға сенімдіміз. Дулат Исабековтің әйгілі «Гауһартас» қойылымын қойып, сахнаға жан бітіріп, мюзиклдерімен танылып жүрген дарынды жастар Жаңа жыл қарсаңында сіздер үшін өнер көрсетеді.
Әнмен көмкерілген ерекше кештің куәсі болыңыз. 30, 31 желтоқсан күндері Астанадағы Жас көрерменнің музыкалық театрына жол тартыңыз.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
«Алдаудың елесі» жаңа жылдық шоуы
Тараз қаласы 5 қаңтар
Тараз қаласында тұңғыш рет! «Алдаудың елесі» жаңа жылдық шоуы көне қалаға жол тартты! Шоу дегенге қалпақ киген қоян мен түрлі-түсті орамалмен істелетін фокус екен деп ойлап қалмаңыз. Себебі бұл шоуда ең соңғы әрі ерекше таңғалдырарлық трюктер орындалады!
Сиқыр мамандары ойыңызды оқиды десек сенесіз бе? Сенбесеңіз, 5 қаңтар күнгі кеште осы сөзіміздің рас екеніне куә бола аласыз. Өзіңізге және жақындарыңызға нағыз Жаңа жыл кешін сыйлаңыз!
Ұжым тек бір күнге келіп, тек бір сеанс қана ашып отыр. Эксклюзив бағдарламамен келген талантты топ «Баласағұн» орталық концерт залында өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89, Баласағұн мәдениет сарайы.
Басталуы: 18:00.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
Медеуге экскурсиялық тур
Алматы қаласы 2-4 қаңтар аралығы
Медеу – көпжылдық тарихы бар Алматының ең көрікті аумақтарының бірі. Мұз айдынының өзі – қалаға ерекше көрік беріп тұратын, қыс келсе, қаладағы жастардың бәрі ағылып баратын керемет жер. Қаладағы у-шуда, қарбалас өмірден шаршағанда да жылдам шығып кетіп, әп сәтте таумен сырласуға мүмкіндік беретін тамаша жер де – осы Медеу маңы. Әйтеуір, алматылықтарды үнемі осы аймаққа тартады да тұрады.
Алматылықтармен қоса, қалаға келгісі кеп жүргендердің must visit тізімінде көбіне үнемі Медеу тұрады. Қонаққа келгендер де бірден Медеуге ұмтылады. Содан да болса керек, қаланың қай күні арсаңыз да, Медеудегі визит орталық алдында адам қарасы көп.
Жаңа жылда осы баршамыз білетін Медеу жайлы тың дерек біліп, басқаша маршрутпен экскурсияға қатыса аласыз десек қалай? Бұл экскурсия қала тұрғындары үшін бір жаңашылдық болары анық. Ал жаңа жылға Алматыға қыдырып келгендер үшін әйгілі қарт Медеумен танысуға мұндай экскурсия таптырмас дүние.
2-4 қаңтар аралығында автобус-кабриолетке мініп, Алматының ең көрікті бөлігін аралау мүмкіндігінен құр қалмаңыз. Билет ақысына аудиогид, тікелей гид қызметі кіреді. Жолда Медеу, Шымбұлақ, Іле Алатауы жайлы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танымдық әңгімелер айтылады.
Тамаша турға билетті Ticketon.kz сайтынан ала аласыз.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы бойынша экскурсия
Алматы қаласы 30, 31 желтоқсан
Мұражай аралағанды, өнерді, тарихты жақсы көретін жандар үшін 17-20 қыркүйек аралығында апта бойы керемет экскурсия ұйымдастырылмақ. Іс-шара көрерменге отандық киноиндустрияны жақыннан танысуға мүмкіндік беріп, кино тарихымен жақындаса түсу мақсатында жасалып отыр. Билет бағасына экскурсия және мультфильм көрсетілімі кіреді.
Экскурсия Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайы бойынша «Қазақфильм» студиясында өтеді. Билет құны – 800 теңге. Ұзақтығы – 2 сағат 15 минут.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
Көлсайдағы Жаңажылдық банкет және тур
Алматы қаласы 31 желтоқсан
Жаңа жыл кешін әдетте көбіміз үйде қарсы аламыз. Көбіміз үшін жаңа жылды күтіп алудың қалыптасқан бір дәстүрі бар. Кейбірімізге бұл күн тіпті жаттанды бір сценарий секілді де көрінетін болар. Солай ойлап жүрсеңіз, сізге ұсынарымыз бар. Жаңа жыл кешін биыл үйден шалғай жерде, шалғай дегенде тамаша табиғат аясында, мүлдем басқа атмосферада, танымайтын адамдармен қарсы алып көріңіз!
Себебі алматылық ұйымдастырушылар жылды ерекше қарсы алғысы келетіндерді биыл 31 желтоқсан күні Көлсайға апаруға ниеттеніп отыр. Сонымен қатар қосымша үш каньонға арналған тур бағдарламасы да қосылған. Демек үш шатқалды көріп, кешке керемет атмосферада, көңілді ортада жылды шығарып салу мүмкіндігіңіз бар! Біз керемет ұсыныс деп есептейміз! Сіз де солай ойласаңыз, билет алуға асығыңыз, дәл қазір Ticketon.kz сайтына кіріңіз.
Жылды әдемі шығарып салып, келер жылға көңілді қадам басыңыз!