Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қонған ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам мерт болды

Жарияланды
Муан провинициясындағы әуежайға қонған ұшақ апатқа ұшырады/ фото: Reuters/Yonhap

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апат болды. Таиландтан келген ұшақтағы жолаушылар қаза тапты. Jeju Air әуе көлігі қонайын деп жатқан кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылды.

Әуежай Сеул қаласынан 288 шақырым жерде орналасқан. Ұшақта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Әуе көлігіне мінген 181 адамның арасынан екі кісі ғана тірі қалған. Корея билігі әзірше 85 адамның опат болғанын растады.

Су ішерлігі бар екі адамның біреуі – жолаушы, екіншісі – экипаж мүшесі болған. Олар ұшақтың құйрық жағына орналасқан. Екеуі ауруханада жатыр.

Жалпы 173 жолаушы Оңтүстік Кореядан болса, екеуі – Таиландтан.

Алдын ала айтылған нұсқа бойынша құстардың соғылуынан қону шассиін басқару жүйесі істен шыққан. Күн райының нашарлағаны себеп болды деген дерек те айтылуда.

Jeju Air компаниясы 2006 жылдан бері қызмет етеді. Бірақ компания тарихында мынадай өте ауыр оқиға болмаған.

Айта кетейік, Бакуден ұшып Грозныйға қона алмай, Қазақстанға келіп, апатты жағдайда құлаған ұшаққа қатысты халықаралық тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз