АҚШ конгресі Саломе Зурабишвилиді Грузияның заңды Президенті екенін мойындайтын құжат қабылдамақ

Жарияланды (жаңартылды )
АҚШ Саломе Зурабишвилиді заңды Президент деп есептейді/ фото: kursiv.media коллажы

Келесі аптада АҚШ конгресі Саломе Зурабишвилиді Грузияның жалғыз заңды Президенті деп тану заң жобасын қабылдайды. Акт Гурзияда жаңа билікті заңсыз режим деп санайды. Бұл жөнінде Өкілдер палатасының Сыртқы істер жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Джо Уилсон хабарлады.

Жаңа заң жобасы Зурабишвили кандидатурасын ғана қолдайды.

«Мен Грузия сұмдығын мойындамайтыны туралы актіні енгіземін. Бұл құжат АҚШ-қа Грузиядағы заңсыз диктаторлық режимді тануға тыйым салады және еркін сайлау өткізілгенге дейін Саломе Зурабишвилиді жалғыз заңды көшбасшы деп таниды», – деп жазды Х парақшасында Уилсон.

Желтоқсан айында Грузияда Президент сайланды. «Грузия арманы» атынан жалғыз кандитат Михаил Кавелашвили тіркеліп, коллегияның 224 дауысын жинады. Бүгін, 29 желтоқсанда, Кавелашвилиді ұлықтау шарасы өтті. Оған наразы болған тұрғындар көп.

Зурабишвили Тбилисидегі Президент сарайынан шығып кетті. Себебі Михаил Кавелашвили өз лауазымын атқаруға кірісуіне байланысты одан сарайдан кетуді талап еткен.

«Мен бұл жерден кетіп бара жатырмын және құзіреттілікті өзіммен бірге алып жүрмін. Мен осында тұрсам да, болмасам да ештеңе өзгермейді. Бұл резиденция заңды Президент қызмет атқарғанының символы болды. Мен Грузияның жалғыз заңды президенті болып қала беремін», – деді Зурабишвили.

Саломе бұған дейін таңмен жақтастарын ғимарат алдына келуге шақырған. Сонда өз үндеуін жариялайтынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз