Баку ресейліктерге арналған визасыз режим ережесін өзгертеді

Жарияланды (жаңартылды )
фото: report.az

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге виза беру ережесі өзгеретінін хабарлады. Бұған РФ тарапынан талаптың күшеюі себеп болып отыр.

Министрліктің баспасөз хатшысы Айхан Гаджизаденің ақпараты бойынша бұл өзгерістер жақында қабылданады.

«Ресейдің жаңа ережелерді енгізуі мен елде болу ұзақтығына қойылатын талаптарды қатаңдатуына байланысты, ең алдымен, біздің азаматтардың құқықтарын қорғау қарастырылады», – деді ол.

Ресей Федерациясы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдіктерге арналған визасыз режим уақытын қысқартты. Уақытша тұруға келгендер Ресейде 90 күннен артық жүре алмайды.

Чехия да келесі жылы ресейліктердің азаматтық алу мәселесі қиындайтынын мәлімдеген. Ресей тұрғыны өз елінің азаматтығынан бас тартуға тиіс екенін айтқан.

Қазіргі уақытта Ақтауда жолаушылар ұшағының құлауына байланысты Әзербайжан тергеу аяқталуын күтіп отыр. Оған дейін Грозный аспанында Ресейдің зымыраны ұшаққа соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Путин мұны нақты мойындамағанымен, Әзербайжан Президенті Әлиевтен ұшақтың Шешенстан астанасына қона алмауына байланысты кешірім сұрап, сол күні Украина дрондары шабуылынан қорғануға мәжбүр болғандарын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз