Ұшақ құлағанда қаза тапқан 24 әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді

Жарияланды (жаңартылды )
24 азаматтың денесі еліне қайтарылды/ фото: kursiv.media

Ақтау қаласында ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан Республикасының 24 азаматының денесі еліне қайтарылды. Оларды анықтау кезінде мамандар ДНҚ талдауын қолданды. Марқұмдардың арасында экипаж мүшелері де анықталды. 28 қазан күні сағат 23:30-да арнайы келген әуе кемесі ұшып кетті.

«Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines көлігі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында құлады. Осыдан тірі қалған жолаушылардың арасында 14 әзербайжан азаматы болды. Олардың барлығы медициналық көмек алған соң, еліне оралды.

Azerbaijan Airlines ұшағында 69 адам болған. Соның 38-і тірі қалды. Компания ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 12 млн теңгеден өтемақы төлейтін болды.

Сондай-ақ оқыңыз