«Болашақ» степендиясы иегерлерінің шетелдегі оқуы қанша тұрады?
«Болашақ» бағдарламасы аясында әр степендианттың оқуына бюджеттен орта есеппен 21,5 млн теңге жұмсалады. Сонымен қатар әрқайсысына 11,5 млн теңге степендия төленеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің KursivMedia сауалына берген жауабында жазылған.
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде бір стипендиатқа «магистратура» және «докторантура» бағдарламалары бойынша оқуға орташа есеппен 21,5 млн теңге және стипендияға 11,2 млн теңге жұмсалады», – делінген жауапта.
Ал тағылымдамалардың құны бағдарламаның ұзақтығына, академиялық мәртебесіне және таңдалған оқу орнының еліне, сондай-ақ оқытушылардың еңбекақысына байланысты өзгеруі мүмкін. Ол әдетте шақыруды алғаннан және смета жасағаннан кейін ғана белгілі болады.
Орта есеппен бір стипендиаттың тағылымдамадан өтуіне жұмсалатын шығын жылына шамамен 11,1 млн теңгені, сондай-ақ стипендияға қосымша 4,1 млн теңгені құрайды.
Ал 2025 жылы «Болашақ» степендиясына іріктеу қағидаларына өзгеріс енуі мүмкін. Қазір қаулы Үкімет қарауына енгізілген.