Тұман және қарлы боран – 30 желтоқсанға ауа райы болжамы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
9-11 қараша ауа райы
Тұман және қарлы боран – 30 желтоқсанға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

30 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде қар жауады. Әсіресе, орталық және шығыс Қазақстанда қарлы боран болып, жол жүру қиындайды. Әзірге күн жылы болып тұрған батыс пен оңтүстік аймақтарда да қар аралас жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидрометтің» апта болжамында жазылған.

Антициклон әсер еткен солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы тұрақты және жауын-шашынсыз болады. 

Дегенмен елдің барлық аумағында тұман тұрып, ұзақ сапарға шығу мүмкіндігі қиындайды. Сондықтан жүргізушілерге жолға шықпау, ал жаяу жүргіншілерге тайғақ көшелерде мүмкіндігінше мұқият болу ұсынылады.

  • Астанада көшпелі бұлт, жауын−шашынсыз, түнде температура –11 -13 °C, күндіз -7 -9 °C.
  • Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -3 -5 °C, күндіз +4 -6 °C.
  • Шымкентте көшпелі бұлт, жаңбыр, түнде температура -1 + 1 °C, күндіз + 4 -6 °C.
Сондай-ақ оқыңыз