Каспий теңізінде жер сілкінді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Каспий теңізінде жер сілкінісі
Каспий теңізінде жер сілкінісі / Фото: shutterstock

30 желтоқсан күні түнде Каспий теңізінің Әзербайжанның Сумгайыт қаласына жақын маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Хабарламаға сүйенсек, жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 01:14 шамасында Каспий теңізінде болған. Жер сілкінісі болған аумақтағы магнитудасы 4,0 балл, тереңдігі 65 километр болған. Оның Қазақстан аумағына қандай екпінмен келгені туралы ақпарат жоқ.

Әзербайжан ғылым академиясы

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы республикалық сейсмологиялық орталықтың ақпаратына сүйенсек, желтоқсан айында Каспий теңізінің Әзербайжанға жақын аумағында 5 жер сілкінісі тіркелген. 4 жер сілкінісі 3 баллдан сәл асқан, ал түнде болған тербеліс 4 балл болған.

Сондай-ақ оқыңыз