Қазақстанда қыста балық аулау үшін қандай ережелерді сақтау керек

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қыста балық аулау ережесі
Қыста балық аулау ережесі / Фото: shutterstock

Қазақстанда қыста балық аулау үшін мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған ескертуде жазылған.

Балықшыларға қандай құралдар алып жүру керек екендігін де анықтап берген:

  • ысқырық, құтқару желеті, ұзындығы кемінде 12 метр болатын арқан;
  • ұзындығы кемінде 2 метрлік таяқ;
  • су өткізбейтін қаптамадағы мобильді телефон.

Төтенше жағдайлар министрлігі жұқа мұз үстіне шығуға, мұздың үстінде бір жерде топтасып отыруға, бірнеше ойық жасауға, от жағуға болмайтынын еске салады.

Айта кетейік, Қазақстандағы балық аулау ережелеріне сәйкес, бір балықшыға 5 кг артық балық аулауға болмайды. Нормада көп аулау үшін рұқсат алу керек. Су қоймалары немесе ірі өзен-көлдерде балық аулау үшін 7 күнге берілетін жолдама керек. 

Балық аулау әдістерінің де белгіленген ережесі бар. Егер сіз кәсіби балықшы болмасаңыз, заңда бекітілген қармақ түрлерін қолдана аласыз.

Бұдан бөлек, өзіңіз балық аулайтын аймақтағы ескертулерге мән беру қажет. Мәселен, желтоқсан айында Ертіс өзені мен Тобыл өзенінің бойында балық аулауға тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыз