Алматыда жаңа жылды мерекелеуге байланысты Төле би көшесі уақытша жабылады

Жарияланды 30 Желтоқсан 2024 17:11

(жаңартылды 1 Қаңтар 2025 14:35)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Төле би көшесі уақытша жабылады / фото: архив kursiv.media

Алматыда 31 желтоқсан күні жаңа жылды мерекелеуге арналған іс-шаралар өтеді. Осыған байланысты Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады.

«31 желтоқсан күні мерекелік іс-шараларға дайындық жұмыстарына байланысты таңғы сағат 8.00-ден бастап Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігі толықтай жабылады», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, қалада 31 желтоқсан күні екі мерекелік концерт өтеді.

Астана алаңында сағат 21:00-ден 01:00-ге дейін үлкен концерт ұйымдастырылады. Мерекелік кеште Елбол Қуанбек, Ұлжан Ағлақова, Chingiz Typhoon, Makvin, Orynkhan, 6ellucci, Мархаба Саби, Moldanazar және RaiM өнер көрсетеді. Сонымен қатар дәл осы жерде түнгі сағат 00:00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

Абай алаңында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Беркут, Ақбота-Нұр, Ғазизхан Шекербек, Диана Исмаил және Кенжебек Жанәбіловтің қатысуымен концерт өтеді.

Жабылған Төле би көшесінде қозғалыс 2025 жылдың 1 қаңтарында сағат 2.00-ден кейін қайта қалпына келтіріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында мерекелік безендірілуіне шамамен 800 миллион теңге жұмсалғанын туралы жазған едік. Бұл қаржы әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейінгі аймақты безендіруге және жоспарланған мерекелік бағдарламаларға жұмсалған.

Сондай-ақ оқыңыз