Қызылордада Назарбаев саябағының жөндеу жұмыстарына 13 миллиардтан астам қаржы бөлінбек
Қызылорда қаласында бірінші Президент саябағын қайта жаңғырту үшін 13 млрд теңге бөлінбек. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған мәліметтерге сәйкес, тапсырыс беруші ретінде Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетілген.
Мәліметке сүйенсек, лот сипаттамасында бұл жұмыстар саябақ аумағындағы пайдаланылмайтын ғимараттар мен құрылыстарды қайта жөндеу жұмыстарына арналғаны көрсетілген. Жоспарланған соманың жалпы көлемі 13 120 508 659 теңгені құрайды.
Бірінші Президент саябағын қайта құру жұмыстары туралы алғашқы әңгімелер өткен күзде айтылған болатын. Сол кезде жобаның негізгі бағыттарының бірі ретінде 15 жаңа аттракцион салу жоспарланған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Даниал Ахметовпен байланыстыратын кәсіптері туралы жазған едік.