Жетімдер үйінен бала асырап алатындарға қатысты талап күшейеді. Тоқаев заңға қол қойды
Қазақстандағы жетімдер үйінен бала асырап алатындарға қойылатын талап күшейеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті құжатқа қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – деп хабарлады Ақорда.
Бұл заңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған құқықтық нормалар қамтылған.
Заңға сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық кәсіпқой отбасыларға беру тәртібі өзгереді. Сонымен бірге патронаттық кәсіптік тәрбиешілерді іріктеу үрдісі қатаңдап, оларға еңбекақы төлеу тетіктері айқындалады. Сонымен бірге патронаттық кәсіпқой отбасылардың жұмысына қатысты талаптар қатая түспек. арасындағы өзара іс-қимыл нысандарын айқындайды. қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органдар.
Айта кетейік, бұл заңды Сенат депутаттары 19 желтоқсанда мақұлдаған болатын. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталмыш құжаттың бірқатар саладағы құқықтық қатынастарды жетілдіруді көздейтінін атап өтті. Сондай-ақ бұл нормалардың ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқын қорғау мақсатында ензілгенін айтып, заң көмегімен рнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалардың жекелеген санаттарының құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатынын жектізді.
«Заң аясында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласын жетілдіруге арналған жаңа нормалар да бар. Мақұлданған заң балалар үйіндегі бүлдіршіндер санын азайтуға, мектепке дейінгі білім саласын жетілдіруге және еңбек адамдарын дәріптеуге мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді Әшімбаев.