АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер қайтыс болды
АҚШ-тың 39-шы президенті және Нобель сыйлығының бейбітшілік премиясының лауреаты Джимми Картер қайтыс болды. Ол қазан айында 100 жасқа толған еді. Соңғы жылдары бұрынғы президент қатты сырқаттанып жүрді.
ВВС-дің хабарлауынша, оның аты-жөні – Джеймс Эрл Картер. Ол тарихқа атын өзін көшедегідей Джимми деп атауды өтінген мемлекеттік тұлға ретінде еніп отыр. «Мен жай ғана фермермін. Мен осыған үйренгенмін», – деген Картердің өзі.
Уотергейт дау-дамайынан кейін, АҚШ тұрғындары астаналық саясаткерлерді және олардың ортақ мінез-құлықтарын жақтырмай бастаған. Сол кезде Картер шеткі аймақтан шыққан идеалист адамның образын сайлауда жақсы пайдаланған. Астаналықтардың қылықтары мен нақты саясатты білмейтін, ұнатпайтын тұлға болып көрінген. Оның басты ұраны «Мен сіздерге ешқашан өтірік айтпаймын!» болды.
Шын мәнінде, ол қарапайым тұлға емес еді. Екі бірдей беделді жоғары білім ордасының дипломын алған. Джорджия штатының Технологиялық институтын және Аннаполистегі Әскери-теңіз академиясын тәмамдаған. Мұраға қалған ауыл шаруашылығы бизнесі болған.
2002 жылы бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алды.
2015 жылы тамыз айында Картер бауырындағы ісікті алып тастау үшін ота жасалды. Сол жылы желтоқсан айында ол ісік ауруын жеңгенін айтқан. 2023 жылы Картер қалған уақытын үйінде өткізіп, дәрігерлердің емін, күтімін алғысы келетін тілегін жеткізген. Өйткені Картер ауруханада бірнеше мәрте емдеу курсын алып жүрген. Одан меланома – тері ісігі табылған. Бұл дерт бауыры мен миына дейін тараған еді.
Картер – 90 жастан асқан АҚШ тарихындағы алтыншы президент.