Қазақстанда көмір өндірісі 4%-ға төмендеген

Жарияланды
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2024 жылдың 11 айында Қазақстандағы көмір өндірісі 4%-ға төмендеген. Ұлттық статистика бюросы саладағы өндірісті қорытындылады.

Биыл елдегі кеншілер 101,31 млн тонна көмір өндірген. Ол 2023 жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,25 млн тоннаға аз. Қарашада отандық компаниялар 10,3 млн тонна шикізат өндірген (өткен жылдағы қарашамен салыстырғанда 6%-ға артық).

Ведомство есебіне сенсек, өндірілген шикізаттың басым бөлігі – тасты көмір. Ол 94,07 млн тоннаны құрайды. Жылдық есепте оның көлемі 3,4%-ға азайған.

Ал қоңыр көмір өндірісі өткен жылмен салыстырғанда, әлі де төмендеп жатыр. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар – қараша айларында кен орындарынан 3,4 млн тонна қоңыр көмір шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес көрсеткішке қарағанда 29%-ға аз. Алайда күзде өндіріс деңгейі 34,1%-ға күрт артып кетті.

Көмір концентранты өндірісі 11 ай ішінде 3,79 млн тоннаны құрады (бір жыл ішінде +14,2%-ға артық). Оның ішінде қарашада 282,1 мың тонна шығарылған.

ҰСБ мәліметінше, елде 19 көмір компаниясы жұмыс істейді. 11 ай ішінде олардың қаржы айналымы 480,6 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 2%-ға артық.

Сондай-ақ оқыңыз