Қазақстанға шетелден аударылатын ақша көлемі айтарлықтай азайып кетті
Қазақстанға шетелден келетін ақша аударымдары азайды. Соңғы үш жылдан бері аударым көлемі түсіп келеді.
Қараша айында 17,8 млрд теңге қаражат Қазақстандағы шотқа аударылған. Дәл бір жылғы бұрынғы көрсеткіштен төрттен біріне кем. Қазан айындағы есептен 6%-ға азайды.
Қаржы аударымдарының азаюына Ресей мен Украина арасында басталған соғыс айтарлықтай әсер етті. 2022 жылы жағдай қалыпты болған. Содан кейін шетелден қаражат жіберу азайды.
Data Hub бұған бірнеше фактор әсер етті деп санайды.
«Қазіргі төмендеуі қандай да бір «соғысқа дейінгі нормаға» оралу емес: қарашадағы деңгейі, тіпті, баға өзгерісін есептемегеннің өзінде тарихи тұрғыда ең төмен. Ал бағаның өзгеруін ескерсек, қазіргі деңгейі – кем дегенде соңғы төрт жылдағы ең төмені», – деп жазды Бірінші кредиттік бюро арнасы.
Ресейлік «Золотая коронна» жүйесі санкцияға ұшырағаннан кейін, қазақстандық банктер онымен жұмыс істеуді уақытша тоқтатты. Былтырғы қараша айында осы жүйе арқылы ақша жіберу 31%-ға кеміген.
Қараша айындағы есепке қарағанда, Ресейден ақша аудару 44%-ға төмендеп, 4 млрд теңгені құрады. Корея Респебликасы (42%) мен Өзбекстаннан (34%) жіберілетін қаражат аударымдары қатты құлдырады.