Бірқатар әуе компаниясы Ресейге бағытталған рейстерді шегерді
Қазақстанның және басқа да елдердің әуе компаниялары Ресейге ұшатын халықаралық рейстерді тоқтатып жатыр. Бұл жөнінде «Казинформ» агенттігі жазды.
Әзербайжандағы AZAL әуе компаниясы Embraer 190 ұшағы құлағаннан кейін, Ресейдің кейбір қалаларына рейстерді шегерді. Минералды су, Сочи, Вологоград, Уфа, Самара, Грозный бағытына әуе қатынасы тоқтатылды. Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанға дейін компания әуе қатынасын тоқтата тұрмақ.
Turkmenistan Airlines компаниясы Түркіменстан астанасы – Ашхабадтан Мәскеу қаласына дейінгі рейсті 30 желтоқсаннан бастап бір айға шегерді.
EL AL компаниясы Израильдың Тель-Авив қаласынан қыс бойы Мәскеуге ұшақ жібермейміз деп шешім қабылдады. Компания қазіргі уақытта Ресейдің әуе кеңістігіндегі жағдайға байланысты шешім қабылдағандарын ескерткен.
28 желтоқсаннан бастап QAZAQ AIR Астана – Екатеринбург рейсі бойынша ұшақ ұшпайтынын мәлімдеді. Экипаж 27 қаңтарға дейін дамылдайды. Компания қауіп-қатер жайын бағамдамақ.
Біріккен Араб әмірлігіндегі FlyDubai 28 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында рейстерді тоқтатты. Сочи мен Минералды су аймағынан Дубайға келу шектелді. Ресейдегі туроператор қауымдастығы деректері бойынша 2 мыңға жуық жолаушыға оңайға соқпайды.
Бұған дейін жаңа жыл қарсаңында ұшақ апаттары жиілегені туралы жазған едік.