Тоқаев ұшақ апатына байланысты Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айтты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Оңтүстік Кореяда ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қасым-Жомарт Тоқаев 179 адамның өмірін қиған ұшақ апатына байланысты Оңтүстік Корея халқына көңіл айтты. Осыған орай, мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

«Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Ұшақ апаты…

Еске салайық, осыған дейін Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қонған ұшақ апатқа ұшырап, 179 адам мерт болған еді. Таиландтан келген ұшақтағы жолаушылар қаза тапты. Jeju Air әуе көлігі қонайын деп жатқан кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылды. Ұшақта 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Әуе көлігіне мінген 181 адамның арасынан екі кісі ғана тірі қалған. Jeju Air компаниясы 2006 жылдан бері қызмет етеді. Бірақ компания тарихында мынадай өте ауыр оқиға болмаған.

Сондай-ақ бүгін, 30 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда тағы бір ұшақ шассиінен ақау шықты. Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағында ішкі рейс кезінде шасси істен шығып, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Дәл осындай ақау бұған дейін Муанда апатқа ұшыраған әуе көлігінде болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз