РФ президенті Путин Тоқаев пен Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 17-7-1024x576.jpg
Фото: Ақорда, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ресей президенті Владимир Путин бірқатар мемлекет басшыларын Рождествомен және келе жатқан жаңа 2025 жылмен құттықтады. Олардың арасында қазіргі басшы Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Кремль сайтындағы құттықтау хаты Әзірбайжан басшысы Ильхам Әлиевті құттықтаудан басталған. Одан кейін Армения президенті Ваагн Хачатурян мен премьер-инистр Никол Пашинян құттықталған. Бұдан кейін Орталық Азия елдерінің басшылары —  Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон, Сердар Бердімұхамедов, Шавкат Мирзиёев атап атап өтілген. Одан әрі Боливия, Бразилия, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Үндістан, Қытай, КХДР, Лаос, Моңғолия, Мьянма, Никарагуа, Сербия, Түркия, Эфиопия және Оңтүстік Африка президенттерін құттықтаған.

Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа да жылы лебізін жеткізуді ұмытпапты.

«Сонымен қатар құттықтау телеграммалары бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтердің бұрынғы басшыларына, атап айтқанда Рауль Кастро, Роберт Кочарян, Нұрсұлтан Назарбаев, Серж Саргсян, Герхард Шредерге жолданды»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, тәуелсіздік күні қарсаңында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге барған болатын. Олардың қандай мақсатта кездескені нақтыланбады. РФ басшысы мен назарбаевтың кездесуінен соң саясаткерлер, депутаттар түрлі болжамдар айта бастады. Мәселен, мәжілісмен Ермұрат Бапи бұл жүздесудің артында «құйтырқы әрекеттер» жатыр деп топшылайды. Ал әріптесі Айдос Сарым алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Сөзінше, экс-президент, ешқандай мемлекеттік функцияларды немесе міндеттерді атқармайды. Бұл оның жеке сапары.

Сондай-ақ оқыңыз