Ресей мен Украина 2025 жылы бейбіт келісімге қол қояды – Financial Times

Жарияланды (жаңартылды )
Зеленский айырылып қалған жерлерді заңды тұрғыдан танымаса да, іс жүзінде Ресейдің бақылауында екенін мойындайды/фото: KursivMedia мұрағаты

Ресей мен Украина 2025 жылы бейбіт келісімге келеді. Киев қауіпсіздігіне кепілдік алып, Ресей басып алған аймақтың «іс жүзінде» Мәскеудің бақылауында болуына келіседі. Украинаның НАТО-ға мүшелікке өту мәселесі шегеріледі. Financial Times осындай болжам жасады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеуді келіссөзге көндіру үшін өте қатаң санкциялар салып, Киевке көмек беруді арттыратынын айтып, қысым жасауы тиіс.  Десе де, АҚШ-тың одақтастары Трамптан Украинаның НАТО-ға мүше болуын күн тәртібінен алып тастамауды өтінеді. Тым құрыса, бастапқы кезеңде.

Financial Times-тің пікірінше, Зеленский айырылып қалған жерлерді заңды тұрғыдан танымаса да, іс жүзінде Ресейдің бақылауында екенін мойындайды. АҚШ-тың қолдауымен Еуропаның қауіпсіздік кепілдігіне жер телімдерін алмастыруы ықтимал.

Мәскеу Ресейге қарсы салынған санкцияларды заңсыз деп таниды. Жаңа қосып алған жерлерді мойындауды, Луганск пен Донецск және Херсон, Запорожье облысынан әскерін әкетуді талап етіп отыр. Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы.

Зеленский де жанжалдың дипломатиялық жолмен шешілуі қажет деп біледі. 1991 жылғы шекарасын қайта келе  алмайтынын да мойындады. Бірақ заңды түрде танымайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз