Тоқаевтың жаңа жылды қайда және кімдермен қарсы алатыны белгілі болды

Жарияланды (жаңартылды )
Тоқаев
Тоқаев 2024 жылды қорытындылап, 3 қаңтарда «Ана тілі» газетіне көлемді мақала жарияламақ./ фото: Акорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылды жақындарымен қарсы алады. Ал мерекелік демалыс күндері құжаттармен жұмыс істейді.

Interfax-тың хабарлауынша, бұл туралы президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Жаңа жылды президент дәстүр бойынша, еліміздің миллиондаған азаматтары секілді, үйінде жақындарымен бірге мерекелік дастархан басында қарсы алады. Жаңа жыл күндері ол демалыс алуды, Қазақстаннан тыс жерлерге шығуды жоспарлап отырған жоқ», – деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Тоқаевтың демалыс күндері бола бермейді. Сондықтан ол жаңа жылдағы демалыс күндерін жұмысқа, құжаттарды қарауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Тоқаев 2024 жылдың қорытындылап, 3 қаңтарда «Ана тілі» газетіне көлемді мақала жарияламақ. Онда Президент алдағы уақытта басымдық берілген бағыттарды, еліміздің өткен жылдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы айтпақ. Сондай-ақ ішкі және сыртқы оқиғаларға баға береді.

Сондай-ақ оқыңыз