Ақтауда Каспий жағалауында жасанды пальма өртенді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ақтауда Каспий жағалауында жасанды пальма өртенді
Ақтауда Каспий жағалауында жасанды пальма өртенді / Фото: shutterstock

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында Каспий жағалауына қойылған жасанды пальманың бірі өртенді. Бұл туралы төтенше жағдай қызметі хабарлады.

Құтқару қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылар өртті 9 минут ішінде өшіріп, оттың тарауына жол бермеген. Өрттен ешкім зардап шекпеген. Дегенмен оттың қалай пайда болғаны туралы нақты ақпарат жоқ.

Жаңа жыл түні Өскеменде де ірі өрт болған.  Қалада құтқарушылар пәтердегі 7 тұрғынды құтқарып, эвакуациялаған.

Өскемен қаласының орталығындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйде жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанды.

«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 ш.м. алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада. 

Бұған қоса, Төтенше жағдайлар министрлігі демалыс кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыз