Екі өңірде ауа райына байланысты автожолдар жабылды
Жарияланды
(жаңартылды )
Қазақстанның екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың кейбір учаскелері жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
Қостанай және Ақмола облыстарында сағат 13:00-ден бастап автокөліктің барлық түрі үшін автожолдар жабылды. Компанияның ақпаратына сүйенсек, автожолдар 2 қаңтар таңғы сағат 09:00-ге дейін жабық болады.
Қостанай облысында:
- Қостанай-Әулиекөл-Сурған автожолының учаскесінде, 108-232 км (Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін) жабылды;
Ақмола облысында:
- Қостанай-Әулиекөл-Сурған автожолының учаскесінде, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін);
- Жақсы – Есіл – Бузулук автожолының учаскесінде, 71-82 км (Ақсай кентінен Бузулука кентіне дейін);
- Жезқазған – Петропавл автожолының 536-553 км учаскесінде (Бузулук кентінен Сурған кентіне дейін) жабылды.
Ел аумағындағы қосымша шектеулер туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының арнайы қызметінен білуге болады: нөмірі – 1403.