Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель қайтыс болды
Эстонияның бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель қайтыс болды / Эстония президентінің баспасөз қызметі

Эстония мемлекетінің бұрынғы президенті Арнольд Рюйтель 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Эстония президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президенттің кеңсесі 2001-2006 жылдары республика президенті болған Арнольд Рюйтель 96 жасында қайтыс болғаны туралы қайғырып хабарлайды», – делінген хабарламада.

Арнольд Рюйтель 1928 жылы Эстонияның Моонзунд архепелагында орналасқан Сааремаа аралында дүниеге келген. Кеңес одағының оккупациясы кезінде (Эстония өз еркімен Кеңес одағына кірмегендіктен, бұл тарихи кезеңді оккупация деп атайды) Эстония Компартиясының ауыл шаруашылығы жөніндегі орталық комитетінің хатшысы, Эстония КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, Эстония КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметтерін атқарған.

1988 жылы Эстония КСР Жоғары кеңесі елдің тәуелсіздігі туралы декларацияны дайындаған. Рюйтель осы декларацияның авторларының бірі саналады. Декларация 1990 жылы қабылданып, Эстония КСРО құрамынан шығып, тәуелсіз елге айналған.

2001 жылы Рюйтель Эстония президенті болып сайланып, 2006 жылдың қазан айында өкілеттігі аяқталған. Оның президен болған тұсында Эстония НАТО мен ЕуроОдақ құрамына кірген. Ол елдегі еуропалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі саналады.

Сондай-ақ оқыңыз