Патох Шодиевтің қызы «Еуразия банкінің» директорлар кеңесінен шықты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Муниса Шодиева Еуразия банк директорлар кеңесінен кетті / Фото: Еуразия банкі

ERG компаниялар тобының негізін қалаушылардың бірі Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиева Еуразия банкінің директорлар кеңесінің құрамынан кетті.

Банктің хабарламасына сүйенсек, Муниса Патохқызы Шодиева 30 желтоқсанда қаржы институтының директорлар кеңесінің құрамынан өз еркімен кеткен. Осыдан кейін директорлар кеңесі құрамында Александр Машкевич (шетел азаматы), Шухрат Ибрагимов, Виталий Репей (шетел азаматы) және Арман Нұрышев қалды.

2023 жылғы 31 желтоқсанда шыққан ақпаратқа сай, банк «Еуразиялық қаржы компаниясына» тиесілі. «Еуразиялық қаржы компаниясының» акционерлері: Мұқадасхан Ибрагимова (марқұм Алиджан Ибрагимовтың әйелі), Патох Шодиев және Александр Машкевич. Олардың әрқайсысы 33,3% акцияға ие.

Мұқадасхан Ибрагимова мен оның ұлдары Достан, Даврон, Шухрат және Фурхат Eurasian Resources Group тобының 20,7%-на иелік етеді. Ибрагимовтер отбасы Forbes-тың ең бас қазақстандықтар тізімінде бар, олардың ортақ байлығы 1,5 млрд долларды құрайды. ERG тобының 40%-ы Қазақстан үкіметіне, 20,7% Александр Машкевичке, 18,6% Патох Шодиев тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз