Ресей Украина аумағы арқылы газ транзитін тоқтатты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ресей Украина аумағы арқылы газ транзитін тоқтатты
Ресей Украина аумағы арқылы газ транзитін тоқтатты / Фото: Газпром сайты

Ресейлік «Газпром» компаниясы Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-ден бастап, «Нефтогаз Украина» компаниясымен келісімнің аяқталуына байланысты Украина аумағы бойынша газ транзитін тоқтатты.

Ресейлік компания 2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Украина аумағы арқылы транзит үшін газ беру техникалық және заңды мүмкіндігінен айырылды.

Украинамен келісім 2019 жылы жасалып, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болды. Газ Украина арқылы Молдова, Словакия және Аустрия территориясымен ЕуроОдаққа тарайтын. 

2024 жылы Украина тарапы келісімді ұзартудан бас тартты. Украинаның Энергетика министрлігі келісімді «ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін» ұзартпауға шешім қабылдады. 

«Ресей газының транзитін тоқтаттық, бұл тарихи оқиға. Ресей нарықты жоғалтады, қаржылық шығынға ұшырайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік халықаралық серіктестерге Ресей газын тасымалдауды тоқтату туралы хабарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз