Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 бала дүние есігін ашты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 бала дүние есігін ашты
Жаңа жыл түнінде Қазақстанда 181 бала дүние есігін ашты / Фото Денсаулық сақтау министрлігі

2025 жылдың қарсаңында Қазақстандағы перзентханаларда 181 бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 181 бала дүниеге келді, оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, жаңа жыл түнінде Маңғыстау облысында егіздер дүниеге келген.

Мереке түні ең көп сәби Түркістан облысында туылған, 34 бала. Алматы облысы мен Алматы қаласында 17 сәбиден дүние есігін ашқан. Ал Шымкент қаласында 16 отбасы қуанышқа бөленген. 

Астанада жаңа жыл түні 10 сәби өмірге келді. Министрліктің хабарлауынша, елорда да былтырғы жаңа жылда да 10 сәби дүниеге келген.

Ұлттық статистика бюросы соңғы рет Қазақстан халқының саны туралы ақпаратты қараша айында жариялаған. Оған сәйкес, халық саны 20 243 981 адамды құрайды. Жаңа ақпарат қаңтар айының алғашқы жұмыс күндері жария болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз