2025 жылға арналған астро-болжам: жылан жылы адамдардың қаржылық жағдайы қалай өзгереді?

Жарияланды
астро-болжам
Астро-болжам: 2025 жылдың көктемгі мезгілінде көп өзгеріс болады / Коллаж: kursiv.media

2025 жыл – жылан жылы. Ал ескі Қытай күнтізбесіне сәйкес, 2025 жыл – жасыл ағашты жылан жылы болып саналады. Осыған орай жұлдызнамашылардан жаңа жылға астро-болжам ұсынамыз.

Астролог Анна Доброславская жасыл түс, ағаш, жылан сиволымен тығыз байланысты болатын 2025 жылы қайта жаңғыру, көктеу, өркендеу жылы болады деп болжап отыр. Мұндағы жасыл түс – жаңаруды, көктемді білдірсе, ағаш символы өркендеумен байланысты. Ал жылан – өзгеру, жаңару, емделу дегенді білдірсе керек. Сондықтан да астролог алдағы жылды өзгеріске толы жыл болады деп болжап отыр.

Ал астропсихолог Дарья Лачинова психологиялық тұрғыдан алғанда, жаңа жыл күрделі өтетінін айтады. Ол жылан көбінде улы қауіпті тіршілік иесі болғандықтан, алдағы жылдың қауіпті тұстары көп болуы мүмкін деп топшылайды. Десе де, келесі жыл жаңарып отыратын тіршілік иесі жылан жылы болғандықтан, астрологтар өзгеріске, ұмтылған жанның өмірінде жақсы жаңалықтар болатынына сенімді. Бұл жылы өміріңде жақсы өзгерістер болып, айың оңыңнан туып, жетістіктерге жету үшін міндетті түрде күнделікті күйбеңнен құтылып, өмірді өзгертуге әрекет жасаған абзал.

Доброславская наурыз және сәуір айларында қоғамда көп агрессия болуы мүмкін екенін айтады. Десе де, бұл айларда ірі өндіріс орындары ашылып, шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туады. Сонымен бірге астрологтар сәуір айында үлкен өзгерістер болып, табиғат та қатты құбылуы ықтимал деп болжайды. Психология, тарих, биология, дәстүрлі медицина салалары да айтарлықтай өзгеріп, биржада дүмпу болуы мүмкін. Астролог 2025 жылдың шілде айын тұрғын үйді кеңейтуге, үй салуға, отбасын құруға ең қолайлы кезең деп санайды.

Лачинова да жылдың елеулі өзгерістері наурыз және сәуір айларына дөп келетінін айтады. Бұл кезде астрология әлемінде планеталардың белгілері өзгереді. Сарапшы көктемгі мезгілді, әсіресе, мамыр айын өзгерістер мен инвестициялар айы деп болжап отыр. Осы көктем айларында бизнес шешімдер қабылдау мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қараған жөн екенін ескертеді.

Зодиак белгілеріне қатысты астро-болжам

Тоқты. 2025 жыл бұл зодиак белгісіндегі адамдар үшін іссапарлар мен саяхаттарға толы болады. Жаңа жылда қызмет бабында көтеріліп, басшылық лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі артады. Сонымен бірге жаңа ілім іздеп, білімді тереңдету маңызды.

Торпақтар үшін жаңа жыл қаржылық мәселелері шешіліп, инвестициялар келіп, серіктестерден келетін қаражат артады. Оларға мүлікті және денсаулықты сақтандыру ұсынылады.

Егіздер өмірінде күтпеген өзгерістер болып, адамдармен қарым-қатынасы реттеліп, жаңа таныстар табады. Сонымен бірге жаңа жылда егіздерді қызықты оқиғалар күтіп тұр. Жылан жылында егіздерге ақша оңай келуі мүмкін. Ақшаның оңай жұмсалып кетпеуі үшін қаражатты сауатты пайдалану ұсынылады.

Шаяндар 2025 жылы денсаулығына мән бергені дұрыс. Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін жұмыс пен демалыс арасындағы теңгерімді сақтаған абзал. Шаяндардың қаржылық жағдайы тек күзге қарай тұрақталуы мүмкін. Сол үшін жаңа жылда оларға қажетсіз шығындардан сақтану ұсынылады.

Арыстандар – жылан жылында барынша еңбекқорлық танытып, табысын еселеуге күш салуы керек. Жылдың бірінші жартысында арыстандарға қаржылық сауаттылығына аса мән беру ұсынылады. Олар адал еңбек етіп, мансабында жоғарылауы ықтимал.

Бикеш – жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да активтер сатып алуы ықтимал. Ал отбасылық қарым-қатынаста үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Таразылар үшін жаңа жыл танысу және қарым-қатынасты жақсарту жылы болады. Оларға білімі мен бизнес-идеяларын жүзеге асыру ұсынылады.

Сарышаяндар қаржыға мән беруі керек. 2025 жыл ресурстарды жинақтау және дұрыс бөлу үшін ыңғайлы уақыт болып есептеледі. Олар қаржысын реттеп, қажетсіз шығындардан тартынғаны абзал.

Мергендер өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, бизнесте жетістікке жетуге немесе қызметте көтерілуге мүмкіндік алады. Бұл адамдар 2025 жылы неғұрлым белсенділік танытқан сайын, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады.

Тауешкілер бұл жылы өзін дамытып, өз біліміне, кәсібіне инвестиция құюы керек. Олар табыс жолында жаңа деңгейге көтеріліп, жетістікке жете алады.

Суқұйғыштар бизнесін дамытып, өз амбицияларын жүзеге асыра алады. Бұл жылы оларға ықпалды адамдар көмек қолын созады.

Балықтардың бұл жылы қаржылық жағдайы тұрақты болады. Жұлдызнамаға сәйкес, балықтар табысты үнемдеу және инвестициялау мүмкіндігіне мән беруі керек. 2025 жылы қаржылық тәуекелдерді азайту үшін жұлдыздар балықтарға бірден бірнеше жерден ақша жинауға, сондай-ақ қымбат дүнилер сатып алудан бас тартуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыз