Еліміздің 10 өңірінде қатты жел тұрып, көктайғақ болады

Жарияланды (жаңартылды )
Алматыда ауа-райы
2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы/ Фото: shuttershctock

Жылдың алғашқы күндері өңірлерде ауа райы бұзылып, көктайғақ болуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандары қатты жел және қалың қар жауады деп болжайды.

Қарағанды облысында қар, жаңбыр жауады, тұман болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел болады. 3 қаңтарда тағы да қар, жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысында бұрқасын болады. Аймақтың батысы, оңтүстігі мен солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Облыс орталығында жылдамдығы секундына 15-20 метр, тіпті 23 метрге дейін жететін жел тұрады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің шығысында да жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Қызылорда облысының орталығы, солтүстігі мен шығысында көктайғақ. Синоптиктер жолда абай болуды ескертеді. Оңтүстік-батыста жел тұрады, жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында бұрқасын соғады деген болжам бар. Аймақтың солтүстігі мен батысында тұман түсуі мүмкін. Күндіз орталықта, ал түнде оңтүстік пен шығыста қатты жел тұрады.

Атырау облысында да көктайғақ болады. Күндіз және түнде елдің оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жел болады.

Ақмола облысы, оның ішінде Көкшетау қаласында бұрқасын, тұман болады. Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Астанада 2 қаңтарда қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Елдің бас қаласында желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді деп болжайды синоптиктер.

Сондай-ақ оқыңыз