Есірткі өндіру және өткізумен айналысатындар үшін жаза күшейді – Тоқаев заңға қол қойды

Жарияланды (жаңартылды )
Есірткімен ұсталғандардың жазасы жұмсартылады/ Фото: Коллаж KursivMedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Жаңа заң бойынша,  есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушыларға жауапкершілік күшейтілді. Ал есірткіні жасырын орналастырушыларға қатысты шаралар жұмсартылады.

Есірткімен ұсталғандар ғана емес, қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін қатаңдатады. 

«Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін»,- деп жазылған Ақорда сайтындағы құжатта. 

Басты өзгерістің бірі – есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы жұмсартылды. Егер бұл қылмысты алғаш рет жасап ұсталса,  мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады. Бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін темір торға жабатын еді. 

«Жаза аталған қылмысқа тартылатындардың, яғни есірткіні жасырын орналастырушылардың көбі жасөспірімдер мен жастар болғандықтан жұмсартылды. Олардың есірткіні өздері дайындамайтыны, көбіне есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылардың қылмыстық тұзағына түсетіндігі ескерілді”, – деп түсіндіреді мұны құжатта. 

Бірақ бұл қылмысты бірнеше рет қайталаса,  мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Сондай-ақ оқыңыз