Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
ТЖД алматылықтарды қар көшкіні қаупі жайлы ескертеді/ Фото: shuttershctock

Алматыда қар көшкіні қаупі сақталады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.

Таудағы қар көшкіні 2025 жылдың 5 қаңтарына дейін жүруі мүмкін.

ТЖД азаматтар, туристер мен демалушыларға қарлы беткейлерге шықпау керек екенін ескертеді. Тау аңғарына шыққанда, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Жалпы Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар 55 аймақ бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарындағы Іле Алатау жоталарында орналасқан. Мамандардың түсіндіруінше, қар көшкіні температура көтерілуінен және қатты жаңбырдан болады.

Сондай-ақ оқыңыз