Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Жарияланды
(жаңартылды )
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдай министрлігіне қарайтын сейсмикалық стансалар желісі дүмпуді таңертең 09:40-та тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісі координаты – солтүстік бойынша 43.95° с.ш. 81.16°.
MSK-64 бағанында Қазақстан аумағында байқалғаны жайлы мәлімет жоқ», – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін қазанда Алматыдан 264 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген еді.
Сол айда Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде тұрғындарды шұғыл хабарландыру жүйесі Mass Alert сынақтан өтті. Сейсможаттығу кезінде теле және радиохабар тарату арналары автоматты түрде үзіліп, «Баршаның назарына!» деген сигналдан соң, сирена-қондырғылар қосылды.