Ақмола облысында 40 автокөлік соқтығысқан жол апаты болды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қарағанды тас жолында да боран салдарынан 800 көлік жолда қалды / Фото: Ақмола облысының ПД

Ауа райы салдарынан Астана-Щучинск тас жолында бірден 40 көлік соқтығысып, жаппай жол апаты орын алды. Қарағандыда да боран соғып, тас жолында шамамен 800 автокөлік кептелісте тұрып қалды. Ақпаратты өңірлердің Полиция департаменті растады. 

«Сағат 13:30-да Ақмола облысында Біржансал ауданының Қоғам ауылы мен Қаратал ауылы арасында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) бұрын 40-қа жуық көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады департамент баспасөз қызметі.

Қарағанды тас жолында да ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік кептелісте тұрып, жолда қалды. Департамент бүгін, 3-қаңтарда Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды – Астана және Қарағанды – Павлодар жолдары жабылғанын хабарлады.

«Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты. Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады«,- деп хабарлады облыстық ПД.



Сондай-ақ оқыңыз