2026 жылы Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өте ме?

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Тоқаев пар­ламент сайлауы бола ма деген сауалға да жауап берді / Фото: kursiv.media архиві

Қоғамда 2026 жылы елде мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтеді деген әңгімелер айтылып жүр. Қасым-Жомарт Тоқаев осы қауесеттің қаншалықты негізі барын айтып берді.

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқарғанын айтып өтті.

«Халықаралық үдеріс­тердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін»,- деп жауап берді президент.

Сондай-ақ Президент «елде мерзімінен бұрын пар­ламент сайлауы бола ма» деген сауалға да жауап берді. Өйткені бұл мәселеде қазір жиі айтыла бастаған.

Тоқаев мұндай болжамдар бар екенін білетінін және бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлайтынын айтады.

«Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Ал Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым. Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде «Amanat» партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін. 
Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз