«Астана-Щучье» тас жолында соқтығысып, жолда қалған көлік саны 100-ге жуықтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Автожолдың жабылуына байланысты жолаушылар пойызбен тасымалданады / Фото: видеодан скриншот

«Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай cоқтығысу кезінде зардап шеккен көліктер саны 95-ке жетті. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады.

Ұлттық компания 3 қаңтарда сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді.

«Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болған»,- делінген хабарламда.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ автожолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды пойыздармен тасымалдайтынын хабарлады. Ведомство Астана–Қарағанды және Астана–Павлодар бағыттарындағы тас жолдары уақытша жабылғандықтан 200 жолаушыны пойыздармен тасымалданатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақмола облысының ПД Астана-Щучье тас жолында 40 көліктің соқтығысқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз