Жүзге тарта көлік соқтығысқан «Астана-Шортанды» жолы ашық
Жарияланды
Астана қаласынан Шортандыға баратын жол ашық. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлайды. 3 қаңтар күні бұл трассада 95 көлік бір-біріне соғылып, 20-дан аса адам зардап шеккен болатын.
«2025 жылғы 4 қаңтарда сағат 09:30-де Ақмола облысында «Астана-Петропавл » автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін ) көлік қозғалысы ашылды»,- делінген хабарламада.
3 қаңтарда Астана-Петропавл автожолында орын алған жол-көлік оқиғасында соқтығысқан 95 автокөлік толықтай шығарылып, атап салдары жойылған. Қисық білеу қалыпқа келтірілген.
Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту пунктінде 118 адам, оның ішінде 42 бала орналасқанын хабарлаған.