Көктайғақ және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock.com

4 қаңтарда Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз. Синоптиктер жаңбыр, қар, боран, көктайғақ және екпінді жел соғады деп болжайды.

Астана қаласындағы ауа райы құбылмалы. Кейде қар жауады, көктайғақ, тұман түседі.Ауа температура: түнде және күндіз -2…-4°C болмақ. Ал Алматыда көшпелі бұл шыққанымен, жауын-шашынсыз. Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысы
«Қазгидромет» мәліметінше, 4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында, әсіресе Орал қаласында, тұман мен көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысы
Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, сондай-ақ жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде желдің жылдамдығы 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысы
4 қаңтар күні таңертең және күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.Ақтөбе облысында да тұман мен көктайғақ.

Қостанай облысы
Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Жетісу облысы
4 қаңтарда облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түспек. Күндіз Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы
Күндіз облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батысында, оңтүстігінде және тау бөктерінде тұман болады. 4 қаңтарда Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысы
Облыстың солтүстігінде, шығысында және батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстігі, шығысы және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік пен батыста желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. Петропавлда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман және 15-20 м/с жылдамдықпен жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында боран, көктайғақ болады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Батыста, солтүстікте және шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал түнде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандарында және Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі.

,

Сондай-ақ оқыңыз