2024 жылы аукционға шығарылған 19 кен орнынан 5,3 млрд теңге жазылу бонусы түскен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
кен орны аунционға
оллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

2024 жылы 19 кен орны аукционға шығарылған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегі бойынша, бюджетке аукциондарға жазылу бонусы ретінде 5,3 млрд теңге түскен.

Сонымен қатар, былтыр қараша айында 25 кен орны бойынша аукцион жариялаған. Сауда-саттық 2025 жылғы 29 қаңтарда e-qazyna.kz порталында өтеді.

Былтыр Қазақстан қатты пайдалы қазбалар бойынша KAZRC стандарттарына толық көшкен.

Одан бөлек, жер қойнауын пайдалану және геология салаларын автоматтандыру мақсатында minerals.e-qazyna.kz жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы құрылды.

Бұған дейін министрлік Қазақстанда жалпы қоры 76 млрд тоннаны құрайтын болжамды отын ресурсы бар 15 кен орны анықталғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз