Бұрқасын, көктайғақ пен боран: ірі жолдарда 8 мыңнан аса көлікке көмек қажет болған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

3-4 қаңтар күндері ірі жолдардың жабық учаскелерінде 8 мыңнан аса көлік қалған. Полицейлер олардың діттеген жеріне жетуіне көмектескен. Ішкі істер министрлігі полиция жолдардағы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз еткенін хабарлады.

3 қаңтарда 8 облыстағы 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген болатын. Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облысындағы ірі трассаларда жол жабылды.

Сол күні полиция 3 710 көлік құралын полицейлер діттеген жеріне жеткізген. Соның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі бар.

Ал 4 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде шамамен 4 500 көлік құралына жолпол көмекке келген. Қазіргі кезде ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Айта кетейік, 3 қаңтарда Астана-Шортанды жолында 95 көлік соқтығысып, ірі жол-көлік апаты орны алды.

Сондай-ақ оқыңыз