Шерзат ісі бойынша сот қашан басталады?

Жарияланды
Шерзат ісі бойынша сот қашан басталады? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы облысы, Талғар қаласында төбелес кезінде қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша сот наурыз айында басталуы мүмкін. Бұл туралы жәбірленуші тарапқа қорғау процесін ұйымдастырып жүрген Айтбек Амангелді мәлім етті.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы желідегі парақшасында оқырман сауалына берген жауабында тергеу аяқталуға жақын екенін жеткізді.

(Сот – ред) наурызда өтеті деп топшылаймын. Бәлкім ертерек, бәлкім кейінірек. Тергеу әлі де аяқталу кезеңінде, ары қарай (іс материалдары – ред) тараптарға таныстырылады. Бізде 11 күдікті мен олардың адвокаттары барын еске салған жөн. Олар да өз кезегінде іспен танысып, талап арыз түсіре алады. Одан кейін прокуратура қарап, процессуалдық бұзушылықтардың бар-жоғын тексеріп, ары қарай сотқа судьяны бекітуге жолданады. Одан соң судья кестесіне байланысты алдын ала тыңдау тағайындайды, одан кейін ғана сотта іс қаралады”, – деді Айтбек Амангелді.

Талғардағы оқиға

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысы Талғар қаласында 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат төбелес кезінде қаза тапқан. 12 қазанға қараған түні әлдекімдер марқұмның отбасының үйін өртеп кетті. Ал 9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы, 4 қазан күнгі төбелестік куәсі Нұрқанат Ғайыпбаев өлі табылды. Ресми нұсқа бойынша ол өзіне қол салған.

Сондай-ақ оқыңыз