2025 жылы қазақстандық қандай компаниялардың акциялары табысты болмақ?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

Jusan Invest сарапшылары 2025 жылдың басында Air Astana, Halyk bank, KEGOC пен «Қазатомөнеркәсіптің» акциялары жақсы өсуі мүмкін деген болжам жасайды. Сондықтан жеке инвесторларға осы компаниялардың акцияларына назар аударуды ұсынады.

Атапа айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының акциялары 33 пайыз қызматтап құны 24 мың теңгеден ($50,4) асуы ықтимал. Сарапшылар бұл компания акцияларын сатып алуды ұсынады.

Ал Halyk bank бағалы қағаздары 55 пайыз қымбаттап, 395 теңгеден сатылуы мүмкін. Осы себепті инвесторалардың қоржынында бұл банктің бағалы қағазы жатса, артық болмайды.

Ұлттық электр желілерінің операторы – KEGOC-тың да акциялары жақсы табыс әкелуі ықтимал. Компанияның бағалы қағазы 21 пайыз өсіп, 1845 теңгеден саудалануы бек мүмкін.

Сонымен қатар сарапшылар Air Astana компаниясының акцияларын назардан тыс қалдырмаған жөн дейді. Былтыр негізінен арзандаған акциялары 2025 жыл күш алып, тіпті 55 пайыз қосуы ықтимал. Қазір қор биржасында 818 теңгеден сатылып жатқан акциялар 1270 теңгеге дейін өседі деген болжам бар.

Бұған дейін Қазақстан миноритар акционерлерінің қауымдастығы (QAMS) биржа индекстеріне сүйене отырып, отандық 10 компанияның нарықтық құнын есептеген болатын. Нәтижесінде ең қымбаты – Kaspi, ең арзаны Air Astana екені анықталған.

Индекске енген компаниялырдың жалпы нарықтық құны 57.3 млрд долларды құрайды. Нарықтың 91,5%-ы үздік төрттікке тиесілі: Kaspi (KSPI), ҚазМұнайГаз(KMGZ), Қазатомөнеркәсіп (KZAP) және Halyk Bank (HSBK).

Сондай-ақ оқыңыз