Ұлттық банк желтоқсанда теңге бағамын қолдау үшін 307 млн доллар сатқан
Ұлттық банк желтоқсанда теңге бағамын қолдау үшін 307 млн доллар сатқан. Сонымен қатар Ұлттық қордан 900 млн доллар валюта сатылды. Қордағы валютаны сатудан түскен қаржы республикалық бюджетке құйылды. Бұл туралы бас банктің валюта нарығына қатысты ақпараттық хабаламасында жазылған.
«Айырбас бағамының тұрақтылығын сақтау, теңгенің шамадан тыс құбылмалылығын реттеу және белгілі кезеңдерде шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету мақсатында желтоқсан айында Ұлттық Банк валюта интервенциясын жүргізді. Ай қорытындысы бойынша сату көлемі 307,6 миллион долларды құрады», – делінген хабарламада.
Деседе де желтоқсан айында теңге бағамы 2,5%-ға әлсіреп, 1 АҚШ долларының ресми құны 525,10 теңгені құраған. Қазақстан қор биржасында күніне орта есеппен 254 миллион доллар сатылып отырған. Жалпы сауда көлемі 5,3 миллиард долларды құрады.
Қаңтар айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 750–850 миллион доллар көлемінде валюта сатуды жоспарлап отыр. БЖЗҚ портфеліндегі доллардың үлесі 40 пайыздан асқандықтан, өткен айда қор есебіне доллар сатып алынбаған.
Теңге бағамын ұстап тұру үшін резервтен миллиардтар «жағылды»
Доллар қатты қымбаттап, теңге күрт құнсызданған сәттерде, нарыққа Ұлттық банк араласып, өз қорындағы валютаны сата бастайды. Нарыққа шығарылған долларлар биржадағы көкқағаз саудасының «қызуын басады». 2007, 2025 жылдары Үкімет пен Ұлттың банк теңге бағамын ұстап тұру үшын алтын-валюта резервінен миллиардтаған доллар жұмсаған. 2015 жылдан бері теңге еркін айналымға жіберіліп, интервенцияға жасау азайған.
Алайда, теңге бағамы еркін болса да, Ұлттық банк «интервенция» деген құралды былтыр қараша айында қолдануға мәжбүр болды. Ұлттық банк Тимур Сүлейменов сол кезде резервтен 1 млрд доллар сатылғанын мәлімдеді. Желтоқсан айында ҰБ осы мақсатта 307 млн доллар жұмсаған.
Президенттің ескертпесі
Бірақ Президен Қасым-Жомарт Тоқаев теңге бағамын ұстап тұру үшін резервтен доллар сатуды қолмайды. Ол «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында «теңгені күшейту үшін алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз» деп мәлімдеді.
«Зер салып қарасақ, көптеген мемлекеттің валютасы қараша айынан әлдеқайда бұрын әлсірей бастады. Ал теңгенің бағамы ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтап тұрды.
Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын»,- деді Тоқаев сұхбатында.