Сұраныс пен тапсырыс артты: 2024 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібі өсімі рекорд орнатты
2024 жыл соңында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі рекорд орнатқан. Freedom Holding Corp. ұсынған Қазақстанны өңдеуші өнеркәсіп саласындағы индексі – PMI® (Purchasing Managers’ Index™) желтоқсанда екінші ай қатарынан көтеріліп, қарашадағы 53.5-тен 53.9-ке жетті. Бизнес жүргізу ахуалы он ай қатарынан нығайып келеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге былтыр тапсырыстың артуы, сұраныстың көтерілуі ықпал етті. Былтыр баға инфляциясы тағы да күшейгенімен, дайын өнім бағасы қара ашайымен салыстырғанда аса қымбаттамаған.
Тапсырыс көбейді
Тапсырыстың көбеюі өз кезегінде өндіріс көлемін арттырды. Дайын өнім көлемі оныншы ай қатарынан өсіп, 2020 жылгі рекордтық көрсеткіштен де асып түскен. дайын өнім көлемінің өсуі – тапсырып қаншалықты көбейсе де, компаниялар жұмыс барысында бітпеген шаруаны уақтылы аяқтап отырғанын байқатады.
Freedom Finance Global PLC қаржылық талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірінше, өңдеу саласындегі өсім 2025 жыл да жалғасады.
«Баға факторы өзекті болып қалып отыр: шығын инфляциясының жеделдеуі сату бағасының қымбаттауына әкеліп соқты. Алайда, екі жағдайда да өсу қарқыны тарихи орта шамадан төмен болуы оптимистік күйге жетелейді. Шикізат бағасының өсуі мен логистикадағы кедергілерге қарамастан, өндірушілер белсенді сатып алу мен жұмысқа қабылдау үрдісін жалғастыра берді. Қоймадағы дайын өнім қоры соңғы жеті айда алғаш рет көбейді, осылайша ұзаққа созылған сарқылу кезеңі аяқталды. Сала өкілдері 2025 жылға қатысты оптимистік пікірді ұстанады, бұдан әрі сұраныс өседі деген үмітпен өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отыр», – дейді сарапшы.
Жаңа жұмыс орындары ашылды
Желтоқсанда жұымыс орныдарын ашу мен сатып алудағы белсенділік артып, өңдеу өнеркәсібінің әлеуеті күшейді. Қызметкерлер қатары тым ұлғая қоймағанымен, наурыздан бері жаңа жұмыс орындары тұрақты түрде ашылып келкен. Жыл соңында компаниялар жұмыскерлердің негізінен толық еңбек күніне жалданғанын атап өтті.
«Сол аралықта сатып алу белсенділігі тағы да күрт өсті, өсім қарқыны қарашадағы көлеммен қарайлас болды. Қоймаға қор сатып алудағы елеулі өсім тұрақталуға
таяды, алайда желтоқсанда өндіріске керек заттар қоры қысқарды, соңғы алты ай қатарынан осы ахуал байқалды. Қажет ресурстар дайын өнім шығарудағы өсімді жиі
қамтамасыз етеді», – делінген шолуда.
Жыл соңында қоймада дайын өнім қатары көбейгенімен, логистикадағы қиындық салдарына жеткізіп беру уақыты тағы да ұзарған. Оған қоса шикізат бағасы да артқан. Респонденттер шикізаттың қымбаттауын теңгенің құнсыздануымен байланыстырған.